Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетімен Меморандум

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университеті негізгі қызметін 1949 жылы Ташкент педагогикалық шет тілдері университеті болып бастаған. 70 жылдық тарихы бар университетте бұл кұнде 10 факультет, 47 кафедра оқу процесін жүзеге асырады. 23 000 мыңнан астам студентке әлемдік білім беру стандарттары негізінде 20-ға жуық шет тілін оқытады.

Меморандум аясында екі университет профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылармен академиялық алмасып, бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізіп, халықаралық семинарлар мен конференциялар өткізетін болады.

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою Өзбекстанның жоғары оқу орындарымен әріптестікті кеңейтеді және тәжірибе алмасу мен бағдарламаларды іске асыру жолындағы маңызды қадам.

#SDG #ЦУР #ТДМ