


І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бакалавриат, магистратура, докторантура түлектерін жұмысқа дербес бөлу шарасы өтті.
2025 жылғы 28-29 мамырда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырмасы негізінде бакалавриат, магистратура, докторантура түлектерін онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жұмысқа дербес бөлу іс-шарасы өтті.
Шараның мақсаты мемлекеттік білім беру тапсырысында оның ішінде ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру.
Жетісу облысы бойынша ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар ұсынған бос жұмыс орындарына оқуларын аяқтайтын түлектерді жұмысқа дербес бөлу жұмыстары жүргізілді.
2024-2025 оқу жылында бакалавриат, магистратура, докторантурада мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 334 білім алушы оқуларын аяқтағалы отыр. Оның ішінде педагогика және психология факультетінде – 61, гуманитарлық факультетінде – 54, жаратылыстану-техникалық факультетінде – 94, физика-математика факультетінде – 70, құқық және экономика факультетінде – 6, дене шынықтыру және өнер факультетінде – 49.
Жұмысқа дербес бөлудің қорытындысы бойынша түлектер жұмыс орындарына бөлінді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

