«Tashkent Law Spring – 2025» IV Халықаралық құқық форумы

Ташкентте «Tashkent Law Spring – 2025» IV Халықаралық құқық форумы өтті. Форум «Цифрлық технологиялар дәуірі: болашаққа құқықтық көзқарас» тақырыбына арналды.
Форум жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен жетекші заңгерлер, мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық ұйымдар мен академиялық ортаның өкілдері жиналды. Шара аясында цифрлық құқық, жасанды интеллект, big data, smart contract, цифрлық жеке деректердің қорғалуы, трансшекаралық құқықтық қатынастар тақырыптары талқыланды.

Мұндай алаңда Қазақстанның құқықтық жүйесіне қатысты тәжірибе алмасып, өңірлік және жаһандық құқықтық трендтерді саралаудың маңызы зор. Бұл халықаралық кәсіби желі құру, ғылыми және тәжірибелік ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту, сонымен қатар Қазақстандағы құқықтық реформалармен ұштастыру тұрғысынан ерекше маңызды шара болды.

Форумның білім беру форматында ұйымдастырылуы, халықаралық сарапшылардың тәжірибесімен ашық бөлісуі, әрі нақты құқықтық мәселелер бойынша панельдік пікірталастар өткізілуі – кәсіби өсуге серпін береді.

Халықаралық іс-шара еліміздің заңгерлері мен ғалымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықаралық құқықтық кеңістіктегі беделін нығайтады.

#SDG #ЦУР #ТДМ