Білім берудегі жасанды интеллект: оқытушыларға арналғанпрактикалық курс

Жасанды интеллект (ЖИ) білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналды.

Ол білім алушылардың дағдыларын жетілдіруге және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқыту әдістеріне жаңаша міндеттер қояды.

Қазіргі таңда университет оқытушылары үшін оқу процесін қызықты әрі инновациялық етуге көмектесетін заманауи технологияларды меңгеру маңызды.

Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы 2025 жылғы 19-31 мамыр аралығында «Білім берудегі жасанды интеллект: оқытушыларға арналған практикалық курс» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Курс тыңдаушылары оқуды жақсарту және білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын ЖИ негізгі тұжырымдамалары мен құралдарымен танысты.

Оқыту барысында оқытушылар кері байланысты автоматтандыруға, деректерді бағалауға және талдауға арналған ЖИ құралдарын игерді. Сондай-ақ, студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеретін дидактикалық материалдарды құруды, білім беру мазмұнын, соның ішінде бейнелерді, мәтіндерді және көрнекі материалдарды әзірлеу үшін генеративті нейрондық желілерді қолдануды үйренді.

Осы бағдарлама бойынша курстан 16 оқытушы өтті.

Курсты Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері Рима Абдуалиева жүргізді.

#SDG #ЦУР #ТДМ