AP22683901 Жаңалықтар мен оқиғалар

AP22683901 Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру

Жаңалықтар мен оқиғалар

 

АБДУЛАЕВА ӘЙГЕРІМ БЕКМҰХАНБЕТҚЫЗЫ

Халықаралық конференцияға қатысу:

          Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жанатбекова Назым Жанатбеккызы мен физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Абдулаева Әйгерім Бекмұханбетқызы 2026 жылғы 21–26 мамыр аралығында Корея Республикасының Сеул қаласында өткен The 2026 12th International Conference on Education and Training Technologies (ICETT 2026) халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.  

Конференцияға қатысу «Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру» (ЖТН AP22683901) гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылды. Іс-шара барысында Абдулаева Әйгерім Бекмұханбетқызы мен Жанатбекова Назым Жанатбеккызы білім беру және оқыту технологияларын дамыту мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, білім беру мен цифрлық технологиялар саласындағы заманауи халықаралық тәжірибелермен танысты.  

ICETT 2026 конференциясы әлемнің әртүрлі елдерінен келген зерттеушілерді, оқытушыларды және сарапшыларды білім беру технологияларын дамытудың заманауи үрдістерін, инновациялық шешімдері мен перспективаларын талқылау мақсатында біріктірді.

Халықаралық ғылыми алаңға қатысу академиялық байланыстарды кеңейтуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жоба аясындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

 

 

АБДУЛАЕВА ӘЙГЕРІМ БЕКМҰХАНБЕТҚЫЗЫ

 

Грантқа қатысу:

«Jas ǵalym-2021» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған Конкурс

ЖАНАТБЕКОВА НАЗЫМ ЖАНАТБЕККЫЗЫ

Грантқа қатысу:

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру жобасында орындаушы (Педагогтердің оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру)

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру жобасында орындаушы (AP23488199 Мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ педагогтарын инклюзивті білім беру жағдайында кәсіби қызметке дайындау)