
















Биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ерлан Кеңесбекұлы Туруспеков Жетісу университетіне Жеделдетілген селекцияны ауылшаруашылығы дақылдарын жақсартудың заманауи бағдарламаларында қолдану» атты семинарда негізгі баяндамашы ретінде келді. Іс-шараны Жетісу университетінің Биотехнология және экология институты BR24992903 «Экономикалық маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясына заманауи молекулалық-генетикалық, физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық әдістерді және цифрлық фенотиптеуді практикалық енгізу» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырды.
Доктор Қанат Ермекбаев жоба аясында Speed Breeding бойынша жұмысты басқарады. Доктор Захид Махмуд сонымен қатар жеделдетілген селекция және жоғары өнімді фенотиптеу туралы презентация жасады. Биотехнология және экология институтының молекулалық генетика және геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айбек Әбдуақасов Жетісу университетінде Speed Breeding орталығын құру идеясы мен тәжірибесімен бөлісті. Айта кетейік, бұл нысан Қазақстанда да, жалпы Орталық Азия аймағында да бірінші болып табылады. Семинарға Жетісу университетінің агроном студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Биотехнология және экология институтының және Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының (Алматы, Қазақстан) ғалымдары қатысты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

