




2025 жылдың 19 мамыры мен 17 маусымы аралығында Физика-математика факультетінің 8D01504 – Информатика білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары Есейқызы Ұлжалғас пен Боқан Мадина Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Гази университетінде халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама шетелдік ғылыми кеңесші Гази университетінің Технология факультетінің профессоры Adem Tekerek жетекшілігімен өтті.
Тағылымдама аясында докторанттар ЖИ технологиялары мен геймификацияны қолдану тақырыптарында дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысты. Сондай-ақ ғылыми кітапханада диссертациялық зерттеу бойынша материалдар жинап, ғылыми жетекшімен жеке кездесулер өткізіп, зерттеу тақырыбы аясында кеңестер алды. Сонымен қатар, университеттің академиялық өміріне белсенді араласып, кафедра оқытушылары мен студенттеріне арналған ғылыми семинарлар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Тағылымдама соңында қатысушыларға Компьютерлік инженерия факультетінің деканы, профессор, PhD Musa Atar арнайы сертификаттар табыстады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

