
















Қазіргі уақытта ұлттық және әлемдік деңгейдегі жоғары білім берудегі жаңа тақырып микробіліктілік болып табылады. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы микробіліктілік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Биылғы оқу жылында орталық педагогика және психология кафедрасымен бірлесе отырып білім беру ұйымдарының логопедтері мен арнайы педагогтарына, сондай-ақ «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының түлектеріне арналған «Практикалық логопедия» атты микробіліктілік бағдарламасын құрастырды. Микробіліктілік бағдарламасы жеке, жылдам және қолжетімді дағдыларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама еңбек нарығының заманауи қажеттіліктеріне жауап беретін және жұмысқа орналасуға ықпал ететін немесе қосымша біліктілік дағдыларын дамытатын нақты білім, дағдылар мен құзыреттерді ұсынады.
2025 жылғы 19 мамыр мен 14 маусым аралығында Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы базасында «Практикалық логопедия» микробіліктілік бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырылып өткізілді. Бағдарламаның жалпы көлемі 120 академиялық сағатты құрайды. Микробіліктілік бағдарламасы екі пәннен тұрады: «Логопедиялық тексеру, түзету, кеңес беру» (2 кредит) және «Логопедиялық массаж» (2 кредит).
Осы микробіліктілік бағдарламасы бойынша оқыту барысында білім алушылар, білім беру мекемелерінің логопедтері, арнайы педагогтары логопедиялық әсер етудің заманауи тәсілдері мен әдістемелері негізінде балаларда сөйлеуді қалыптастыру және дамыту бойынша түзету жұмыстары және сөйлеу тілі бұзылыстары кезінде кешенді логопедиялық массаж жасау дағдыларын қалыптастыру, логопедиялық көмекті ұйымдастыруды зерделеді.
Оқытуды педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері Азанбекова Гульназ Турсынбековна жүргізді. Сабақтар тыңдаушыларға ыңғайлы офлайн форматта жүргізілді. Осы бағдарлама бойынша 35 тыңдаушы курстан өтті, олардың ішінде университеттің 6В01902 — Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары, жалпы және арнайы білім беру мекемелерінің логопедтері, арнайы педагогтары.
#SDG #ЦУР #ТДМ

