Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Жетісу университетінің хабаршысы» ғылыми журналының «Педагогикалық ғылымдар» сериясы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдар тізбесінің №3 Тізіміне енгізілді.
Бұл жетістік – табанды еңбектің, жоғары ғылыми стандарттарға ұмтылыстың және ғылымды дамытуға деген адалдықтың нәтижесі.
Бұл жетістік жаңа белестердің бастауы болып, тың ғылыми зерттеулерге шабыт беріп, халықаралық деңгейдегі мойындалуына жол ашсын!
#SDG #ЦУР #ТДМ

