Құттықтаймыз!

Жетісу университетінің білім алушылары топ жарды!

19–21 маусымда Алматы қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы VI жазғы ойындарында университетіміздің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері топ жарды.

Атап айтсақ, 5000 м қашықтыққа жүгіруден Омар Айбол мен Құдайберген Сания І орынға, Нұрмәмет Ақбаян ІІ орынға ие болды.

Университетіміздің абыройын асқақтатып, үздік нәтижелерге қол жеткізген студенттерімізді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жеңістеріңіз жалғасын таба берсін!

#SDG #ЦУР #ТДМ