Докторлық диссертация қорғау

2025 жылдың 23 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «8D01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының докторанты Токтанова Асель Керимовна «Филолог-студенттердің тілдік рефлексиясын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. Ғылыми кеңесшісі: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна.