










І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қабылдау комиссиясы жұмысын бастады.
2025-2026 оқу жылына талапкерлерден жоғары оқу орындарына түсу, мемлекеттік білім гранты конкурсына өтініш беру, магистратураға кешенді тестілеу тапсыру, докторантураға оқуға түсу емтихандары бойынша өтініш пен құжаттар қабылдайды. Жаз бойы талапкерлерге 15 техникалық хатшы, 3 кеңес беруші қызмет көрсетеді.
Университет басшылығы қабылдау комиссиясының маңызды кезеңдегі жұмысына ерекше назар аударып отыр. Комиссия мүшелерінің толыққанды жұмыс жасауы үшін барлық қолайлы жағдай жасалды. Ректор Ермек Бөрібаев қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне әрбір талапкерге жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың және ата-аналарының барлық сұрақтарына нақты жауап беріп, жоғары деңгейде қызмет көрсетуді тапсырды.
Қабылдау комиссиясы күнделікті дүйсенбі-жұма күндері 9.00-18.00 дейін, сенбі күні 9.00-14.00 дейін жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

