ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарын құттықтау

Бүгін Жетісу университетінің ұжымы Түркістан қаласында өткен ҚР жоғары оқу орындары арасындағы ХІІІ жазғы Универсиада жеңімпаздарына құрмет көрсетті.

Басқарма Төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев спортшы студенттерге және олардың бапкерлеріне алғыс айтты. «Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Универсиадаға еліміздің 76 жоғары оқу орны қатысты. Жетпіс алты университеттің ішінде Жетісу университеті 8 орыннан көрінді. Бұл үлкен жетістік. Тартысты бәсекеде спортшы студенттеріміз мықты дайындығын дәлелдеп барлығы 18 медаль алды. Мұндай жарқын жеңіс тек Жетісу университетінің ғана емес, облыстың абыройы,-деді ректор.

Салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген спортшы студенттер мен олардың бапкерлері «Спорттағы жетістіктері үшін» төсбелгісі және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ