Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA – Ranking) жүргізген Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2025 қорытындысы бойынша «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен қатар Қазақстанның көпсалалы жоғары оқу орындары арасында ТОП-3-ке енді.
2025 жылғы институционалдық рейтингке республиканың 30 жоғары оқу орны қатысты. Студенттер, жұмыс берушілер мен түлектер университеттің қызметіне, оның ішінде білім сапасына жоғары баға берді.
Біз барлық стейкхолдерлерге алғысымызды білдіреміз!
Құрметті талапкер! Баршаңызға қолжетімді әрі сапалы білімді таңдаңыздар!
Ақпарат көзіне сілтеме: https://iqaa-ranking.kz/rejting-vuzov/natsionalnyj-rejting-vedushchikh-vuzov-kazakhstana-2025/natsionalnyj-rejting-vedushchikh-mnogoprofilnykh-vuzov-kazakhstana
#SDG #ЦУР #ТДМ

