«Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау» тақырыбында семинар

Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы Экономика және сервис кафедрасымен бірлесіп 2025 жылғы 19-20 маусымда «Қаржылық сауаттылық: құралдар, тәуекелдер және жеке жоспарлау»тақырыбында семинар өткізді. Семинар университет (55+) оқытушылары арасында қаржылық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында «Асыл қазына университеті» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға түрлі факультеттерден 18 оқытушы қатысты.

Семинар барысында қаржылық қауіпсіздік негіздері және қаржылық алаяқтықтан қорғау, жеке және отбасылық бюджетті басқару; қазіргі экономика жағдайында жинақтау және инвестициялау тетіктері; несиелеу: оң және теріс жақтары; цифрлық қаржы құралдары: оң, тәуекелдер және бақылау сияқты мәселелер қозғалды.

Семинарды экономика және сервис кафедрасының оқытушы-дәріскері, экономика ғылымдарының кандидаты Сейсекенова Мейрамбала Бейсембековна өткізді. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын сұрақтарға жауаптар блогы тудырды, оның шеңберінде нақты өмірлік жағдайлар талқыланды.

#SDG #ЦУР #ТДМ