Кәсіптік бағдар беру жұмысы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  және Үштөбе гуманитарлық колледжі арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында құрылған меморандум негізінде екі білім беру мекемесі арасында ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүзеге асырылуда.

Осы ретте, Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы Г.С. Майлыбаева және оқытушы-дәріскер, магистр М.С. Байдилданова Үштөбе гуманитарлық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, колледж ұжымымен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», білім беру бағдарламалары бойынша болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері жөнінде  пікір алмасты.

Кездесу барысында  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  ғалымдарының авторлық бірлестікте дайындаған оқу құралы колледж басшысы Э.Н. Идрисоваға кітапхана қоры үшін табысталды.