Құттықтаймыз!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев пен Гуманитарлық факультеттің қауымдастырылған профессоры Назгүл Байғабатова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Мерекелік медальді Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев салтанатты түрде табыстады.

«Бұл марапат – Сіздердің ғылым мен жоғары білім беру саласындағы адал еңбектеріңізге деген зор құрметтің белгісі. Бұл сіздерді жігерлендіріп, сарқылмас шабыт сыйлайды деп сенемін», — деді ректор.

Аталған мерекелік медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы негізінде табысталып отыр.

Награда иелерін шын жүректен құттықтай отырып, ғылым жолында сарқылмас ізденіс пен зор табыс тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ