








Бүгін әскери кафедра студенттері үшін ерекше маңызды әрі тарихи сәт — ант қабылдау рәсімі өтті.
Салтанатты шара кафедра басшысы Ерлан Джангожаевтың құттықтау сөзімен басталды.
«Ант қабылдау – бұл тек рәсім емес, — Отан алдындағы адалдық пен сенімнің белгісі», — деді ол өз сөзінде.
Өз кезегінде жас сарбаздар университет басшысы мен ұжымына сондай-ақ, сапалы білім мен тәрбие беріп жүрген әскери кафедра ұстаздарына алғысын білдірді.
«Әскери кафедра бізге тек білім ғана емес, нағыз өмірлік құндылықтарды үйретті. Тәртіпке, төзімділікке, шыдамдылыққа баулыды. Біз үшін бұл үлкен мектеп болды!»– деді олар.
Іс-шара елге, жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухтың нақты көрінісіне айналды. Ант қабылдаушылардың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік нық орнап, болашаққа деген сенім арта түсті!
#SDG #ЦУР #ТДМ

