

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы микробіліктілік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Биылғы оқу жылында орталық педагогика және психология кафедрасымен бірлесе білім беру ұйымдарының логопедтері мен арнайы педагогтарына, сондай-ақ «Арнайы педагогика» ББ түлектеріне арналған «Практикалық логопедия» атты микробіліктілік бағдарламасын құрастырды. Микробіліктілік бағдарламасы жеке, жылдам және қолжетімді дағдыларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама еңбек нарығының заманауи қажеттіліктеріне жауап беретін және жұмысқа орналасуға ықпал ететін немесе қосымша біліктілік дағдыларын дамытатын нақты білім, дағдылар мен құзыреттерді ұсынады.
23 маусым мен 19 шілде аралығында Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы базасында «Практикалық логопедия» микробіліктілік бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырылды. Микробіліктілік бағдарламасы екі пәннен тұрады: «Логопедиялық тексеру, түзету, кеңес беру» (2 кредит) және «Логопедиялық массаж» (2 кредит).
Жалпы көлемі 120 академиялық сағатты құрайды.
Оқыту барысында білім алушылар, білім беру мекемелерінің логопедтері, арнайы педагогтары логопедиялық әсер етудің заманауи тәсілдері мен әдістемелері негізінде балаларда сөйлеуді қалыптастыру және дамыту бойынша түзету жұмыстары және сөйлеу тілі бұзылыстары кезінде кешенді логопедиялық массаж жасау дағдыларын қалыптастыру, логопедиялық көмекті ұйымдастыруды зерделеді.
Оқытуды педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері Гульназ Азанбекова жүргізді. Сабақтар офлайн форматта өтті. Осы бағдарлама бойынша 10 тыңдаушы курстан өтті. Олардың ішінде университеттің жалпы және арнайы білім беру мекемелерінің логопедтері, арнайы педагогтары бар.
#SDG #ЦУР #ТДМ







