ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындысы бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жеңімпаздары анықталды:

•    Байгабатова Назгуль Кажимуратовна – тарих ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық факультетінің қауымдастырылған профессоры, «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» бағыты бойынша.

•    Телеуев Галым Байгазыевич – философия докторы (Ph.D), құқық және экономика факультетінің деканы, «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша.

•    Усенова Аида Кажмухановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, шығармашылық білім беру кафедрасының меңгерушісі, «Әлеуметтік ғылымдар»  бағыты бойынша.

•    Оксикбаев Берикжан Кылышбекович – биология ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі, «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша;

•    Хармысов Чингис Аблайканович – PhD Science Engineering Technology, ғылыми қызметкері, «Инжиниринг және технология» бағыты бойынша.

Құрметті әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс олардың жоғары ғылыми әлеуеті мен кәсібилігінің дәлелі болып табылады.

Жетісу университетінің ғалымдарының еңбегі академиялық беделді нығайтып, ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейтуге зор үлес қосуда. Зерттеу жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуын және жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!

#SDG #ЦУР ТДМ#