Құттықтаймыз!

25-26 шілде күндері Талдықорған қаласында Еркін және Грек-рим күресінен «Аңыздар айқасы» атты халықаралық ашық турнир өтті.
Онда 35 жастан асқан, кезінде ел намысын қорғаған балуандар қайта бозкілемге оралды.

70 келі салмақ дәрежесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Спортклубының жаттықтырушысы Қанат Шонрақов белдесуде жүлделі 1- орынды жеңіп алды.

Қанат Шонрақов – Еркін күрестен ҚР спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Қанатты айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

#SDG #ТДМ #ЦУР