«Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Валерия Пашаева Ресей Федерациясының Білім министрлігінің қолдауымен «Моя история» Қоры ұйымдастырған «Письмо Победы» халықаралық байқауына қатысып 1-орынға ие болды.
Ауқымды халықаралық байқауға ТМД-ның 10 елінен және жақын шетелдің оқушылары мен студенттері қатысты.
Байқауға түскен 550 өтінімнің ішінен Валерияның жұмысы жоғары бағаланып 49,25 ұпай жинады. Бас жүлде — Мәскеу қаласына жолдама иеленіп, осы жылдың қазан айында сапараға шығады.
Валерияны жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

