Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) Білімі туралы құжат: аттестат немесе диплом қосымшасымен (көшірмесі және түпнұсқасы);
3) ҰБТ сертификаты (мамыр-шілде аралығында өткен, шектік баллы бар);
4) 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
5) Жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі.
Егер талапкер санаттарға жататын болса, негізгі құжаттарға қосымша растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Егер көп балалы отбасы – бұл 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала болса, егер 18 жастан асқан болса, онда оқу орнынан анықтама, барлық балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсыну қажет;
Егер аз қамтылған отбасы болса – АӘК алғаны туралы растайтын анықтама қажет (Egov.kz);
Егер жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған болса – ата-анасының/ ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі және талапкердің туу туралы куәлігі, әділет органдарынан алынған 04-нысан немесе 11-қосымша, соңғы 3 жылда некеге тұрудың жоқтығы туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/ нотариус арқылы анықтама);
Егер мүгедектігі бар болса немесе мүгедек ата – анасы болса-мүгедектігі туралы анықтама және туу туралы куәлік; Егер толық емес отбасы болса — онда некені бұзу туралы куәлік, туу туралы куәлік, соңғы 3 жылда некені тіркемегені туралы анықтама (анықтама Е-gov/АХАЖ/ нотариус).




#SDG #ЦУР #ТДМ

