Ғылыми тағылымдама

«Болашақ – 500 ғалым» бағдарламасы бойынша Германияда тағылымдама

Гумбольдт атындағы Берлин университеті (Берлин, Германия) 2026 жылы «Болашақ – 500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғалымдарды «Жасыл технологиялар және тұрақты даму» бағытындағы ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырады.

⏳ Тағылымда  3 ай,  6 ай немесе 11 ай уақытқа жоспарланған.

📌 Қойылатын талап: ағылшын тілін білу (IELTS — 5.0, TOEFL: PBT 417, ITP 417, IBT 35, Duolingo – 80).

✨  Тағылымдама инженерия, АКТ, экология, агрономия, химия, биология, қаржы, экономика, мемлекеттік басқару, лингвистика мамандықтарының  ғалымдары үшін пайдалы болады.

🔥 Бұл тағылымдама халықаралық ғылыми қоғамдастықтың  бөлшегі болуға және Германияның жетекші университеттерінің бірінде тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік!

Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласыңыздар: Бас ғимарат, 309 кабинет.

📞 Телефон: +7 7282 40 10 19

📧 Email: intercenter@zu.edu.kz

#SDG #ЦУР #ТДМ