2025 жылдың 29 тамызында Жетісу университетінің Басқарма төрағасы-ректор з.ғ.д., профессор Е.Ә.Бөрібаев гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD), ғалым хатшы Шүкенай Гүлім Төлеуқызына «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.
Қазақ тілі мен ғылымының дамуына үлес қосып жүрген филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Шыныбекова Айжан Сахановна Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Тіл жанашыры» құрмет дипломымен марапатталды.
Ана тіліміздің абыройын асқақтатуға бағытталған бастамаларыңыз бен ғылыми еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

