






І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 курс білімгерлеріне арналған «Болашаққа бірге қадам» атты салтанатты жиын өтті.
Университет табалдырығын енді аттаған студенттер мен олардың ата-аналарын Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев құттықтады.
«Білім барлық уақытта жаңа идеялардың, жаңалықтар мен жетістіктердің бастауы. Бұл күн – сіздердің үлкен өмір жолына жасаған алғашқы қадамдарыңыз. Жетісу университетінде оқу-тек жаңа білім алу ғана емес, жаңа достар табу, жаңа армандарға қанат қағу. Еліміздің ұлт болып қалыптасуы, оның дамыған елдер қатарынан көрінуі сөз жоқ, мына сіздердей білімді, оқысам-білсем деген жастардың қолында. Бізде оқып жүріп-ақ әлемнің ең озық ғылыми жетістіктерімен қаруланып, өздеріңді нағыз маман ретінде жетілдіре аласыздар. Сондықтан таңдаған мамандықтарыңыз бойынша сапалы білім алып, еліміздің гүлденуіне өз үлестеріңді қосады деген сенімдемін»-деді ректор.
Әрбір үлкен бастаманың мәнін арттырып, қасиетін айқындайтын — үлкендердің ақ батасы. 1-курс студенттеріне ардагер ұстаз, қауымдастырылған профессор Дүйсен Ансабаев бата берді.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

