2025 жылдың 4 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Шыныбекова Айжан Саханқызы мен оқытушы-дәріскер, магистр Есимбекова Динара Болатқызы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ тілдер мерекесіне орай ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық мәжілісінде баяндама жасады. Конференция жұмысы аяқталған соң, қатысқан ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.