












І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Президенттің әр Жолдауы еліміздің болашағы үшін серпін беретін, бағыт-бағдарымызды айқындайтын тың бастамалар мен нақты тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған саяси құжат.
Мемлекет басшысы Жолдауда бүгінгі әлемдік ахуал күрделі кезеңмен ұштасып отырса да тәуелсіз еліміздің саясаты дұрыс бағытта жүргізіліп отырғандығын айтты. «Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет»-деді. Мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондай-ақ, барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін ескертті. Университет ұжымы Жолдауда көрсетілген мақсат міндеттерді орындау ортақ іс деп есептейді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

