Кәсіптік бағдар: Еңбекшіқазақ орта мектебі оқушылары Жетісу университетінде

2025 жылдың 12 қыркүйек күні Көксу ауданы Еңбекшіқазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне, соның ішінде Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына келіп, кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты. Шара барысында оқушыларға университеттің оқу үдерісі, мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Университет оқытушылары мен студенттері мектеп оқушыларымен еркін сұхбат құрып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының басты мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт беру, қызығушылықтарын анықтау және кәсіби бағдар арқылы еңбек нарығына бейімдеу. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың болашақ кәсібін дұрыс таңдауға, өз әлеуетін ашуға және жоғары оқу орнына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Шара соңында оқушылар университеттің оқу кабинеттері мен зертханаларымен танысып, жоғары оқу орнындағы студенттік өмір жайлы мол мағлұмат алды.