2025 жылғы 12 қыркүйекте Big Dream lab компаниясы өкілдері 6В01512 Физика (IP) білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне толықтырылған және виртуалды шындық технологияларын қолдану және енгізу бойынша семинар өткізді. Семинарға топ студенттері, топ кураторы Ғ.Жапсарбай және оқытушы-дәріскер Ә.Абдулаева қатысты.
Студенттердің оқу процесінде заманауи цифрлық құралдарды игеруі Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес келеді және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
Білім беру процесінде виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын қолдану бүгінде ерекше өзекті болып отыр: олар оқытуды көрнекі, практикалық-бағдарланған және нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын етуге мүмкіндік береді.





