Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова, 12-ші қыркүйек 2025 жылы, 2 курс білімгерлері, ИҚ211(IP), МИҚ211, ИР211(IP) топтарымен «Цифрлық болашаққа – Жолдаумен бірге!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. 2025 жылғы Президент Жолдауындағы цифрлық трансформация және ақпараттық технологияларды дамыту туралы маңызды бастамаларды талқылады. Цифрлық қоғамға қадам басу – еліміздің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Әрбіріміз цифрлық сауаттылығымызды арттырып, заманауи технологияларды меңгеріп, Қазақстанның инновациялық болашағына өз үлесімізді қосуымыз керек деп тұжырымдады.


