2023 жылдан бастап Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаһандық білім беру жобасы – Coursera-ға қосылып, студенттерге әлемнің алдыңғы қатарлы онлайн-курстарына жол ашты. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық студент түрлі курстардан өтіп, жаңа білім мен дағдыға ие болды.
Оқытудың нәтижесінде табысты студенттік стартап-бастамалар туындады. Олардың қатарында университеттегі цифрлық коммуникациялар саласындағы жобалар (ZU Connect), агроөнеркәсіптік сектордағы (OSIM Agro), туризм саласындағы стартап (GIDMK) бар. Бұл бастамалар алған білімді тәжірибеде қолданудың сәтті үлгісі ретінде республикалық деңгейде мойындалды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

