«Болашаққа бірге қадам»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 курс білімгерлеріне арналған «Болашаққа бірге қадам» атты салтанатты жиын өтті. Университет табалдырығын енді аттаған Жаратылыстану-техникалық факультетінің білімгерлері мен олардың ата-аналарына факультет деканы, т.ғ.д. Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы факультет басшылығын және ұжымын таныстырып,  құттықтады.