Шоқан ауылында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ансабаев Дүйсен Сандыбайұлы баяндама жасап, Жанғазы Жексенбаевпен жазған «Шоқаным- Отаным» әнінің тұсаукесу рәсімі өтті. Ш.Уәлиханов атындағы мектеп оқушылар көрініс қойып, аудан өнерпаздары концерттік бағдармаларын көрсетті.
Кеш қос автордың Кербұлақ ауданының әнұранымен аяқталды.
