«30 игі іс» акциясы

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 игі іс» акциясын ұйымдастырды.

Осы шара аясында Жаратылыстану-техникалық факультеті «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенттері Талдықорған қаласы Жедел-құтқару жасағының базасында арнайы техника мен авариялық-құтқару жабдықтарының көрмесін, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын, кинологиялық есеп тобының жұмыстарын көрді.

Іс-шара барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде бекітіп, кәсіби даярлық деңгейін арттырып, болашақ қызметіне қажетті дағдыларды қалыптастырды. Сонымен қатар түрлі сайыстар ұйымдастырылып Самғар Бейсенбек І орын, Әмірхан Сейтнұр ІІ орын, Ернар Манап ІІІ орын иеленді.

#SDG #ЦУР #ТДМ