“Freshman Party: Жетісу Style” студенттер қатарына қабылдау кеші

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Freshman Party: Жетісу Style» атты 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.

Бұл – университет табалдырығын жаңа аттаған жастар үшін ерекше әсерге толы ұмытылмас кеш болды.

Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев студенттерді құттықтап, 1 курс білімгерлеріне салтанатты түрде университет туын табыстады.

“Құрметті студенттер, Сіздерді Жетісу университетінің студенті атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жетісу университетінде оқу – тек жаңа білім алу ғана емес, жаңа достар табу, жаңа армандарға қанат қағу. Әр күндеріңіз сапалы білім мен жарқын естеліктерге толы болсын”, – деді ректор.

Кеш барысында студенттерге білім ордасында түрлі бағытта жұмыс жасайтын шығармашылық топтар мен клубтар таныстырылды. Сондай-ақ, әлемдік додаларда топ жарып жүрген спортшылар мен әр салада табысты қызмет етіп, университет мақтанышына айналған түлектер есімі аталды.

1 курс білімгерлері атынан Мади Талғатбек пен Ульяна Федорович студенттік АНТ қабылдады.

Мерекелік жиын облыстық филармония әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында білім ордасына 1911 білім алушы қабылданды. Оның 1586-сы бакалавриат студенті болса, 285-сі магистрант, 40-ы докторант.

#SDG #ЦУР #ТДМ