


Бүгін Жаратылыстану-техникалық факультетінің «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Экстремалды жағдайда аман қалу негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өтті.
Ашық сабақты Экология және ауылшаруашылық ғылымдар кафедрасының оқытушы-дәріскері Мухтар Кульджатаев, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бағдат Тыныбек ұйымдастырды.
Сабақтың мақсаты – білімгерлерге түрлі төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету. Сабақ барысында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы мен құрал-жабдықтары таныстырылды.
#SDG #ЦУР #ТДМ



