ЖИЛИН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ ПРОФЕССОР MARIAN JANIGA ДӘРІСІ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жетісу университетінің Жаратылыстану пәндері кафедрасына Словакия Республикасындағы Жилин университетінің Тау биологиясы институтының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Marian Janiga келіп, дәріс оқуда.

Бұл сапар Жаратылыстану пәндері кафедрасының халықаралық байланыстарын нығайтып, білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аясын кеңейтуге бағытталған.

Профессордың келуінің басты мақсаты — Жетісу Алатауының тау экожүйелеріне қатысты өз ғылыми тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ биологиялық әртүрлілік және климаттың әсерін зерттеу салалары бойынша ғылыми байланыс орнату. Оның дәрістері қазіргі уақытта Жетісу университетінде жүзеге асырылып жатқан маңызды ғылыми жобамен тығыз байланысты.

Бұл сапар шетелдік ғалыммен бірлескен ғылыми тәжірибе алмасуға, нақты практикалық дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ магистранттар мен  докторанттардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуға үлкен үлес қосады.

Жетісу университеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, білім мен ғылымның сапасын арттыру бағытында қарқынды жұмыс жүргізуде.

#SDG #ЦУР #ТДМ