








І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің стадионында 1-курс студенттері мен университет қызметкерлерінің құрама командасы арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.
⠀
Дәстүрлі жолдастық кездесудің мақсаты – студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, білімгерлер мен білім ордасы қызметкерлері арасында ашық қарым-қатынас орнату.
⠀
Студенттер командасы өте жақсы ойын техникасы мен тактикасын көрсете білді. Университет қызметкерлерінің құрама командасы да осал қарсылас емес екенін дәлелдеді.
⠀
Доп бәсекесінде достық жеңді.
Бұл кездесу – спортты тек жарыс емес, студенттер мен ұстаздарды ортақ мақсатта біріктіретін достықтың көпірі екенін көрсетті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

