Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-дәріскері Токтанова Асель Керимовнаны «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының 2025 жылғы 01 шілдедегі №0504/586 бұйрығына сәйкес, Асель Керимовнаның «Филолог-студенттердің тілдік рефлексиясын дамыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-зерттеу еңбегін қорғауы – оның білім мен ғылым саласындағы табанды еңбегінің жемісі.

Ғылыми кеңесшісі ф.ғ.к., қауымд.профессор Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна.

Университет ұжымы атынан Асель Керимовнаға алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспіз! Оның ғылыми ізденістері мен табыстары еліміздің ғылымы үшін маңызды әрі пайдалы боларына кәміл сенеміз.

Жетістігіңіз құтты болсын!

#SDG #ЦУР #ТДМ