«Алаяқтардан қорғанудың актуалды әдістері мен құралдары»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Алаяқтардан қорғанудың өзекті әдістері мен құралдары» тақырыбында Педагогика және психология факультетінің студенттеріне арналған кездесу өтті.

Жиынның мақсаты – жастарды алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтандыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру сондай-ақ, қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Іс-шараға Талдықорған қалалық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Айбек Саркеев, Тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Тоқтар Жанымқанов, Халық Банкінің карталық бизнес орталығының бөлім басшысы Әлібек Керімбаев, және аталған орталықтың бас менеджері Айнұр Оңғарова қатысты.

Жиында алаяқтықтан қорғанудың негізгі әдістері мен заманауи құралдары түсіндірілді. Интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтық, әлеуметтік желілердегі жалған парақшалар, фейк хабарламалар мен зиянды сілтемелердің алу жолдары талқыланды.

Студенттерге қажетті қауіпсіздік шаралары ұсынылды.

#SDG #ЦУР #ТДМ