Директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Истаибекқызының Жетісу университетіне сапары

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Директорлар кеңесінің төрайымы, мемлекет және қоғам қайраткері Гүлмира Истаибекқызы келді.

Сапар барысында құрметті қонақ университет ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім ордасының даму бағытымен танысты. Италияның Марке политехникалық университеті филиалы орналасқан ғимаратта болып, нысанды аралады. Жетісу жерінде озық шетелдік оқу орны филалының ашылуын халықаралық әріптестіктің жаңа белесі ретінде ерекше атап өтіп, Жетісу университетінің жетістіктерін жоғары бағалады.

Бұл маңызды кездесу университеттің білім беру сапасын арттырудағы және халықаралық серіктестікті нығайтудағы қадамдарын айқындай түсті. Жетісу университеті алдағы уақытта да әлемдік тәжірибені игеріп, заманауи білім беруді жалғастыра береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ