








«Jetisy jastary» мекемесінің ұйымдастыруымен Жетісу университетінің студенттері «Кибер волонтер» жобасы аясында Жетісу облыстық Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті.
Мақсаты- жастардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, киберқылмыстың алдын-алу шараларын насихаттау, киберқауіпсіздік бойынша сауаттылықты арттыру. Кездесуге Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция капитаны Серік Демейов, Облыс прокуратурасының 1-Басқармасының басшысы Әлішер Бараев, Облыс прокурорының аға көмекшісі Төлеуғали Сәрсембаев қатысты.
Сала мамандары студенттерге интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, олардың қандай схемалармен жұмыс істейтінін мысалдар келтіре отырып, жан-жақты түсіндіріп берді.
«Әккілер электрондық поштаға және мессенджерлерге жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы жалған құжат жібереді. Онда жүргізушілердің деректері, көлік нөмірлері және «айыппұлды төлеу» сілтемесі көрсетіледі. Шын мәнінде, бұл — фишингтік шабуыл, сілтемеге өтпеңіздер»,- дейді мамандар.
ПД қызметкерлері жастарға дропперлер туралы да ескертіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Студенттер алаяқтардың әрекетіне тап болса, құқық қорғау органдарына жүгінуге болатынын айтты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

