Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жиналыс өтті

2025–2026 оқу жылының I семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде білім алуға баратын студенттер мен олардың ата-аналарына арналған жиналыс өтті.

Мақсаты – шетелде оқу алдындағы дайындық мәселелерін талқылап, академиялық ұтқырлық ерекшеліктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жиналысқа Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев, Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор Алефтина Бахтаулова,
Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Талғат Килыбаев, Регистр офисінің директоры Назым Жанатбекова сондай-ақ, 2024–2025 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шет елде оқып келген студенттер қатысты.

Жиын барысында студенттер мен ата-аналар Малайзия, Польша және Оңтүстік Кореядағы оқу барысына және академиялық ұтқырлық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарын қойып, жауап алды.

Кездесуде өткен жылғы бағдарлама қатысушылары да сөз алып, шетелде алған тәжірибелері мен әсерлерін жеткізді.

#SDG #ЦУР #ТДМ