Ректор кубогы

2025 жылдың 25-26 қыркүйек күндері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері арасында футболдан «Басқарма төрағасы – Ректор кубогы» үшін жарыс өтті.

Жарыс ҚР бекітілген футбол ережелеріне сәйкес ұйымдастырылды.

Оған Жаратылыстану-техникалық, Физика-математика, Педагогика және психология, Құқық және экономика, Гуманитарлық факультеттері мен Жансүгіров колледжінен барлығы 90 студент қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Физика-математика факультеті жеңіп алды. Құқық және экономика факультеті ІІ орынға, ал Жаратылыстану-техникалық факультеті ІII орынға ие болды.

Жүлделі орын алған командаларға Басқарма төрағасы – Ректордың кубогы, медальдар және мақтау грамоталары табысталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ