



«Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контекстінде» (АР 19680053) тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жобасы аясында Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде деректер мен мәліметтер жинау мақсатымен жобаның жетекшісі, ф.ғ.к. Ш.Кыяхметова, аға ғылми қызметкерлер ф.ғ.д. М.Иманғазинов, т.ғ.к. Е.Буланов 2025 жылдың 22 — 27 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласында іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында РФ Мемлекеттік архиві мен Ресей мемлекеттік кітапханасында құлагер ақын Ілиясқа қатысты тың мәліметтер жинақталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

