2023 жылдан бастап Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жаһандық білім беру жобасы – Coursera-ға қосылып, студенттерге әлемнің алдыңғы қатарлы онлайн-курстарына қолжетімділік ашты. Бүгінгі таңда шамамен 3000 студент әртүрлі курстардан өтіп, жаңа білім мен дағдыларға ие болды.
Оқытудың нәтижелері алғашқы жемістерін берді – табысты студенттік стартап-бастамалар пайда болды. Олардың қатарында университеттегі цифрлық коммуникациялар саласындағы жобалар (ZU Connect), агроөнеркәсіптік сектордағы (OSIM Agro), сондай-ақ тұрақты туризм саласындағы стартап (GIDMK) бар. Бұл бастамалар алынған білімді тәжірибеде қолданудың сәтті үлгілері ретінде республикалық деңгейде мойындалды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

