«Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» мерекелік шарасы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» атты Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты жиында сөз алған Басқарма төрағасы – Ректор, м.у.а., Бауржан Таубаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мұғалім мамандығының маңыздылығын және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегін атап өтті.

«Ұстаз – тек білім беруші емес, ұлттың болашағын тәрбиелеуші. Сіздердің еңбектеріңіз – ел болашағын қалыптастырудың іргетасы», – деді Бауржан Рыспекұлы.

Кеш барысында шырқалған әсем әндер мен мың бұралған билер көрерменге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

#SDG #ЦУР #ТДМ