







Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Зайырлы мемлекет және рухани саналы ұрпақ» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Шараға университеттің студенттері мен қызметкерлері, қонақтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесудің модераторы Басқарма төрағсы – Ректор, м.у.а., Бауржан Таубаев алғы сөз сөйлеп, жастар тәрбиесінде рухани құндылықтардың маңызына тоқталды.
Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жастардың діни сауаттылығы – олардың рухани дамуының, толерантты болуының және ұлттық құндылықтарға беріктігінің негізі екенін жеткізді.
«Жастардың жүрегінде рухани-адамгершілік құндылықтар орнықса, олар тек білімді ғана емес, қоғамға пайдалы, елінің тағдырына бейжай қарамайтын тұлға болып қалыптасады», – деді Бас мүфти.
Сондай-ақ Жетісу облысы дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай аймақтағы діни ахуал жайында баяндады.
Кездесу соңында студенттер сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ



