«Президенттік миля» жарысы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері арасындағы жазғы «Президенттік миля» жарысы өтті.

Жарысқа әр факультеттен барлығы 140 адам қатысты. Ерлер және әйелдер арасында өткен жарыста қатысушылар 1500 м. қашықтыққа жүгірді. Спорттық шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және оқытушылар мен студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін шыңдау.

Жарыс қорытындысында ерлер және әйелдер арасында жеңімпаздар анықталып марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ